Оралда көп қабатты үйге қойылған «бомба» жалған болып шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда көп қабатты үйге қойылған «бомба» жалған болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 22.39-да «102» операторына 1981 жылғы Б. деген қала тұрғыны хабарласқан. Әйел белгісіз біреудің домофон арқылы звондап, С.Жақсығұлов көшесі 33-үйге бомба қойылғанын жеткізген.

Осы оқиға бойынша арнайы қызмет орындары тексерген кезде ештеңе табылған жоқ.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 273-бабына сәйкес (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Оралда көп қабатты үйдің тұрғындары түн ішінде эвакуацияланғаны жөнінде «ҚазАқпарат» жазған болатын.