Оралда құбыр шахтасынан ер адамның денесі табылды

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында құбыр шахтасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің айтуынша, оқиға 11 ақпан күні Н. Назарбаев даңғылы, 235-үй маңында болған.

«Сағат 10.16-да «Нан зауыты» аялдамасының артқы жағында жылу құбырының шахтасынан 1978 жылғы ер адамның мүрдесі шығарылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұм соңғы кезде қаңғыбастыққа салынған. Сараптама тағайындалды, нәтижесіне сәйкес қаралады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Б. Нұрғожин.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да оқ жарақатынан қаза тапқан тұрғынның мүрдесі табылғанын жазған едік.

Сондай-ақ, БҚО-да тұрғын іздестірілуде жүрген автокөлікті заңдастырмақ болған.


Соңғы жаңалықтар