ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 00.05-те 4-шағынаудан 30-үйде болды.
Күшті жел («Қазгидромет» мәліметі бойынша екпіні секундына 23 метрге жеткен) бес қабатты үйдің 240 шаршы метр шатырын жұлып түсірген. Үйдің жалпы ауданы - 1260 шарщы метр.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы жұмыс жасап жатыр.
Үй 1991 жылы салынған. 2016 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. ПИК балансында тіркелмеген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты республикалық жолда шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.
Қазіргі кезде өңірде бірнеше жол жабық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).