БҚО-да боранға байланысты республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 25 желтоқсан күнгі жергілікті сағат 19.05-тен бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолында (4-104 км) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті хабарлады.

Сондай-ақ департамент 26 желтоқсан күні облыстың оңтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болатынын, солтүстігінде жаяу бұрқасын көтерілетінін жеткізді. Желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге жетуі ықтимал.

Осыған байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Орал-Атырау жолы жабылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар