ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 13 жасар қызды зорлау дерегі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Не молчи» қоғамдық қорының Facebook -тегі парақшасында мәлім етілгеніндей «қызды зорлады» деген күдікке өгей әкесі ілініп отыр.
Орал тұрғыны әйелі мен балаларын ұрып-соққан. Өгей қызын 1,5 жыл бұрын азғындыққа итермелеп, зорлаған. Тағы бір күні қатты соққыдан әйелі есінен айырылып қалған. Оны өлді деп ойлаған қызы өгей әкесінен қорқатынын айтып, бәрін жайып салған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі таңда ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).