ОРАЛ. ҚазАқпарат - 21 қараша күні сағат 14.20-да Орал қаласындағы 4-шағынауданда белгісіз ер адам 11-сынып оқушысын тонап, «Айфон-6» телефонын ашықтан-ашық жымқырып кеткен.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жәбірленуші ер адамның бойы 180-185 сантиметр, қара түсті күрте кигенін, басқа да ерекше белгілерін айтып берген. Осы деректер Орал қалалық ішкі істер басқармасының жедел қызметкерлеріне қылмысты ашуға көмектесті. Көп ұзамай оқушыны тонаған 18 жасар шетелдік азамат екені анықталып, ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қымбат телефон оқушыға қайтарылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).