ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда өзен жағасынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 маусым күні орын алды.
Абай полиция бөліміне сағат 12.00 шамасында Шаған өзенінің жағасынан бір адамның мүрдесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
Марқұм Орал қаласының 1964 жылғы тұрғыны болып шықты.
Денесінде зорлық белгілері жоқ.
Қазіргі кезде аталмыш дерек тіркеліп, тексеру жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда алаяқтардың үй алып берем деп 30-ға жуық адамды алдап кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).