Оралда алаяқтар үй алып берем деп 30-ға жуық адамды алдаған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үй алып беремін деп 27 тұрғынды тақырға отырғызып кеткен алаяқтардың ісі тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыстық іс ҚР ҚК 190-бабына (алаяқтық) сәйкес қозғалды.

Оралдық алаяқтар «7-20-25» бағдарламасы арқылы кезексіз үй алып беремін деп азаматтардың ақшасына иемденіп кеткен.

Алданғандар алаяқтарға 75 мыңнан бастап 1 млн теңгеге дейін ақшасын ұстатып жіберген. Күні бүгін полицияға облыстың 27 тұрғынынан арыз түскен. Әйтсе де тергеу болжамы бойынша жәбірленушілер саны одан көп болуы мүмкін.

«Фотода көрсетілген адамдардан зардап шеккендер Батыс Қазақстан ғана емес, басқа облыстарда да болуы ықтимал. Ондайлар болса, тұрғылықты жердегі полиция бөліміне шағымдана алады немесе (7112) 98-42-61, 98-42-59, 98-42-54 және 102 телефонына хабарласса, жетіп жатыр. Алаяқтардың арбау әрекеті әр түрлі, сондықтан тұрғындарға абай болыңыздар дегіміз келеді», деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.null

Соңғы жаңалықтар