Оралда полиция қызметкерлеріне тиіскен тұрғын жауапқа тартылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда полиция қызметкерлеріне тиіскен тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға қаладағы митингі кезінде болды.

Ш. деген тұрғын облыс әкімдігі маңында қызметін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, тиіскен. Содан кейін біреуінің жағасынан ұстауға әрекеттенген. Сөйтіп ол полицейлермен жанжал тудыруға тырысқан. Бірақ тәртіп сақшылары оған шара қолданбай,

ауызша ескертумен шектелген.

Ш. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 434-бабы 1- бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес жауапқа тартылды.

Қазіргі кезде ол әрекетіне өкініп, бейнеүндеу жариялап, азаматтар мен полиция қызметкерлерінен кешірім сұрады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 10 адамның әкімшілік қамауға алынғанын, Оралда төтенше жағдай талабын бұзған тұрғындар ұсталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда Ұлттық ұлан содырлармен ұрыста қаза тапқан боздақтарды еске алды.