Оралда психотроптық дәрі-дәрмекпен ұсталған әйел тергелуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда психтроптық дәрі-дәрмекпен ұсталған әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, М. деген күдіктіні есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірген.

Тексеру кезінде оның автокөлігінен 67 құты (флакон) мен 740 таблетка көлемінде дәрі-дәрмек табылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес бұлар ҚР заңдылығымен айналымы шектелген психотроптық дәрі-дәрмек болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл бап бойынша әйелдің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: flud.perm.ru