ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда сәбиін далаға тастап кеткен 1989 жылғы Е. деген әйелдің үстінен ҚР ҚК 140-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 6 шілде күні сағат 04.10 шамасында Омега ауданындағы көпірдің астынан 6-7 айлық нәрестенің балалар арбасына салынған күйінде табылғаны жөнінде 1994 жылғы азаматтан хабар түскен.
Қазіргі кезде бала үйінде, жағдайы жақсы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).