ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда салынып жатқан құрылыс нысаны аумағынан снаряд табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 17 қараша күні Сырым Датұлы көшесі бойында орын алды.
Сағат 13.30-да жеке кәсіпкерлік нысаны тұрғызылып жатқан жерден РПГ-26 снарядына ұқсас зат табылды.
Оның ұзындығы 770 мм, калибрі 72,5 мм.
Сол күні сағат 16.37-де аталған снарядты қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, саперлар Оралдан 3 шақырым жерде орын тепкен Меловые горки полигонында жару жолымен жойды.
фото:
https://mgorod.kz/
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).