ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында «Талисман» дүкені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 қазан күні Н.Назарбаев даңғылы бойында болды.
Дүкеннің өртеніп жатқаны жөнінде сағат 08.50-де хабар түскен.
«Талисманның» ішінде жеке заттар жанған. Аумағы – 25 шаршы метр.
Қала орталығындағы өртті ауыздықтауға 15 адам, 4 техника жұмылдырылды.
Өрт 09.05-те оқшауланып, 09.25-те сөндірілді. Қазіргі кезде оның шығу себебі, келтірілген шығын анықталуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда монша кешені өртенгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).