ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда төртінші қабаттан құлаған қыз баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғандай, Оралда төртінші қабаттан 8 жасар қыз бала құлап кеткен болатын.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыз бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында бірінші дәрежелі ес-түссіз күйде түскен.
Қазір есі кірді. Жабық бас-ми жарақатын алған. Миы көгерген. Бет сүйегінен көптеген сынық жарақаттарын алған. Жұмсақ тіндері де көгерген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жол апатына ұшыраған үш әйелге қолұшын бергенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ жол апатынан автокөлік өртеніп, жалын 1 гектар жерді шарпыды.
Батыс Қазақстанда тағы бір жол апатынан жүргізуші көз жұмды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).