ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтановтың айтуынша, 5517-әскери бөлімінің жауынгерлері полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
Сарбаздар қылмыстың алдын алумен қатар тұрғындарға карантиндік шектеу шараларын, өздерінің қауіпсіздігі үшін үйде отыру қажеттігін түсіндіреді.
Төтенше жағдай кезінде Ұлттық ұлан жауынгерлерінің тікелей қатысуымен үш бірдей қылмыстық құқықбұзушылық (суық қарумен жүргендер, ұялы телефон ұрлығы) ашылды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда ішімдік ішу, бұзақылық, төбелес секілді 13 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.
«Әскери қызметкерлердің жеке қауіпсіздіктеріне де айрықша мән беріледі. Олар жеке қорғану құрал-жабдықтарымен қамтылған. Аталмыш әскери бөлімде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар тұрақты жүргізілуде. Медицина қызметкерлері әр сарбаздың денсаулығын тексеріп отырады», - деді Е.Сұлтанов.