ОРАЛ. KAZINFORM – 3 гектар аумақты қамтыған тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы өрт бықсып жатыр.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш өрт кеше кешкісін басталған еді.
«Қазіргі кезде шамамен 3 гектар аумақта қоқыс бықсуда. «Жайық таза қала» ЖШС-ның теңгеріміндегі полигонның жалпы ауданы – 9,7 гектар, қоқыстың аумағы – 5 га. Полигондағы өрт бүгін сағат 03.22-де оқшауланды. Оны сөндіруге ТЖ департаментінен 92 адам, 12 техника, полиция департаментінен 4 адам, 2 техника, «Жайық таза қала» ЖШС-дан 23 адам, 23 техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 техника, экология департаментінен 3 адам, 1 техника қатысуда», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал мен Ақсай қаласында қоқыс полигоны өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).