Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қолөнер бұйымдарының заманауи үлгісін қолдану арқылы қолөнершілердің жеке брендін қалыптастыру, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шарада шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары таныстырылып, қыз-келіншектерге ұршық үйірудің қыр-сыры көрсетілді.
Атаулы іс-шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев қатысып, бастаманың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екенін жеткізді. Сонымен қатар «Атамекен» комьюнити орталығының «Сәулем-ай» әжелер ансамблі мен Аслан, Жасұлан Зинеденовтер өнер көрсетті.
Іс-шара соңында Бибігүл Карденоваға облыс әкімінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Шеберлік сағатына қатысқан қала тұрғындары алған әсерімен бөлісіп, «осы секілді ұлттық құндылықтарды насихаттайтын іс-шаралар көбірек болса екен» деген ізгі ниетін білдірді.