Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды
ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Оралда жоғалып кеткен екі жасөспірімді аман-есен тапты.
Фото: Polisia.kz
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Артем Сарманов 24 ақпанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан мектепке кеткеннен оралмаған.
Полиция қызметкерлерінің іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жасөспірім Оралдан табылды.
Өзінің айтуынша, ол осы уақыт бойы достарында болған.
Екінші жасөспірім Зарина Ниғметова үйінен 16 наурызда шығып кеткен. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтап, Ақтөбе қаласынан тапты.
- Аталған жасөспірімдер бұған дейін де бірнеше рет үйінен кеткен. Полиция қызметкерлері оларды тауып, қайтарып отырған. Қазіргі уақытта екеуінің жағдайы жақсы, заңды өкілдеріне тапсырылатын болады, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да төбелес кезінде 30 жастағы жігіттің көз жұмғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).