ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 21 жастағы жігітті өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 12 маусым күні сағат 05.00-де Еуразия даңғылы 60-үйдің жанынан зорлық белгілерімен өлтірілген 1997 жылғы Е. деген тұрғынның мүрдесі табылды.
Жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 2000 жылғы З. қолға түсіп, Орал қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).