Оралда жас жігітті пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жас жігітті пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 мамыр күні сағат 04.22-де «Али» кафесі жанында болды.

«Белгісіз біреу 1995 жылғы жігітті пышақтап кеткен. Алған жарақаттары салдарынан марқұм ауруханада көз жұмды. БҚО полиция департаменті криминалдық полициясы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 19 жастағы күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобуста кондукторларға қол жұмсаған бұзақылар ұсталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды.