ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жеке үйден екі адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 қыркүйек күні Циолковский көшесі 53-үйде орын алды.
Сағат 16.30-да аталған үйден 1934 жылғы анасы мен оның алпыс жасар ұлының мүрдесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).