Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз төртінші күн іздестіріліп жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында 10 мамыр күні жоғалып кеткен 15 жастағы қыз таптырмай жатыр.

Фото: pixabay

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жасөспірім 10 мамыр күні сағат 15.30-да үйінен шығып кеткен. Содан бері іздестіріліп жатыр.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметке қарағанда, Кәусар Тельманқызының бойы 160-165 см, орта бойлы, шашы қара. 

Фото: instagram.com/uralsk_lider.kz

Жоғалған күні сұр түсті кофта, жеңсіз қара киім, көк джинсы және қара кроссовка киген. 

Қызды көрген немесе оның жүрген жерін білетін адамдар болса, туысқандары мен еріктілер полицияға 102-ге немесе 7 777 184 04 90 және 7 705 798 68 68 телефон нөмірлеріне хабарласуды өтінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 13-қабаттан құлаған жас жігіт мерт болғанын жазған едік.