АСТАНА. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 30 жастағы жігіт бір айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 1992 жылғы Альберт Ғазимов 28 қараша күні Зачаган кенті Саратов көшесі 26-мекенжайда орналасқан үйінен шығып кеткен. Содан оралмаған.
«Туыстары 5 желтоқсан күні полицияға өтініш түсірді. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жалғасуда. Көрген-білген жандар болса, 102, 8-711-2-98-45-30 телефонына қоңырау шала алады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің үш күннен бері іздестіріліп жатқанын, оның мәйіті орманнан табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).