ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы Яна Кострыкина іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Яна 18 ақпан күні шамамен сағат 08.00 шамасында үйінен мектепке шығып кеткеннен оралмаған.
Профсоюзная көшесі 17-үй 2-пәтерде тұратын қыз қаладағы №26 мектептің 9-сыныбында оқиды.
Үстіне үлкен капюшоны бар көк күрте киген, қара түсті кроссовкасы мен мектеп киімі болған.
Бойы шамамен 160 см, арықша келген, иығына түскен шашы қарақоңыр-сұрғылт түсті, ерекше белгілері жоқ.
Яна туралы білетіндер 102, 92-18-14, 92-18-42, 8-776-915-96-75 телефонына хабарласулары сұралады.
«Қазіргі кезде полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізуде», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).