Оралда жол ережесін 25 рет бұзған 21 жастағы жүргізуші жалған нөмірмен жүрген
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында ұзақ уақыт бойы жол қозғалысы ережесін бұзып, жауапкершіліктен жалтармақшы болған жүргізуші ұсталды.
Фото: Астана қаласының әкімдігі
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қала көшелерінің бірінде шетелдік есептегі Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру көрсеткеніндей, аталмыш көлік құралының 25 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны камераларға түсіп қалған. Оған қоса автомобильде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі орнатылғаны анықталды.
Фото: БҚО полиция департаменті
- 21 жастағы жүргізушіге көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын басқарғаны үшін хаттама толтырылды. Бұл бапқа сәйкес бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен бірге 5 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қарастырылған. Сонымен қатар жол ережесін бұзушылықтың 25 дерегі бойынша қаулы шығарылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 4 700-ден астам құқық бұзушылық анықталғанын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).