Оралдың бірқатар ауданы сусыз қалды
18:48, 18 Желтоқсан 2024
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласының бір бөлігінде салқын су беру тоқтатылды.
«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, Зачаган кентіндегі Шұғыла — М.Мөңкеұлы көшелерінің қиылысында су құбырындағы апатты жою жұмыстары жүргізілуде.
— Соған байланысты № 39 көтеру сорғы станциясынан су беру тоқтатылады. Атап айтқанда, Қазақ ауылы, М.Мөңкеұлы, Көктем, Сарытау, Құс фабрикасы аудандары сусыз қалды. Су шамамен 18 желтоқсан күні сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін болмайды, — деп хабарлады ведомстводан.
Бұл — Зачаган кентіндегі бірінші жағдай емес. Бұған дейін де құбыр жарылған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қараша айында Оралда тағы да құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалғанын жазған болатынбыз.