Оралда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында Зачаган кентінде су құбыры жарылды. 

Оралда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды
Фото: видеодан алынған скрин

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, оқиға 29 қараша күні сағат 19.27-де болды.

«Жаңадан салынып жатқан мешіт ауданында диаметрі 225 мм құбыр жарылған. Соның салдарынан Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлер, «Арман», «Сарытау», «Көктем», «Жақсы ауыл», «Ғалымдар ауылы» шағынаудандары сусыз қалды. Тексеру барысында өрт гидрантынан ақау шыққаны анықталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «Батыс су арнасы» ЖШС-дан 4 адам, 2 техника жұмылдырылды. Жұмысты шамамен сағат 24.00-ге дейін бітіру көзделіп отыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада судың шапшып жатқаны анық көрінеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ағаштардың орынсыз кесілетіні жөнінде оралдық экологтың көгалдандыру мәселесін көтергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар