ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдық тұрғын алған қарызы 22 млн теңгеге жеткенше қайтармаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 33 жастағы ер адамнан танысы 2018 жылы сеніміне кіріп, пайызбен қарызға ақша алған.
Қарызы өсе келе 22 млн теңгеге жеткен. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға шағым түсірген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 32 жастағы ер адам қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қазіргі кезде алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда әйелдің қарызға берген 14 млн теңгесін ала алмай жүргенін, БҚО-да жарты тоннаға жуық балық тиелген көлік ұсталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).