Оралда әйел қарызға берген 14 млн теңгесін ала алмай жүр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 21 жастағы тұрғын әйелдің 14 млн теңгесін қарызға алып, қайтармаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталған тұрғын 47 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, ақшасын алып, алдап кеткен.

Күдікті ұсталып, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаментінің деректеріне қарағанда, с оңғы кезде өңірде мұндай алаяқтық деректері көбейіп барады.

Орал қаласының 20 жастағы тұрғыны жүргізуші куәлігі мен әскери билетті аламын деп, 480 мың теңгесінен айырылған. Ол өткен жылдың қыркүйек айында құжаттарды алып беремін деген алаяқтың алдауына түскен. Ақыры алданғанын біліп, жарты жылдан кейін полицияға жүгінген. Соның нәтижесінде 26 жастағы К. полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

Тағы бір, 1968 жылғы оралдық тұрғын жарты млн теңгесінен қағылды. 40 жастағы әйел оның сеніміне кіріп, үйінде құрылыс жұмысын жүргіземін (саты жасаймын) деп, ақшасын алып кеткен. Бұл алаяқтың да басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын атыраулық 21 жастағы алаяқтың Орал тұрғынының 5 млн теңгесін алып кеткенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар