Үй жануарларының басым бөлігі жайылымда жүрген жерінен жоғалған.
Аудандық тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасы барысында үш жергілікті тұрғынды ұстады. Үшеуі де 39 жаста. Біреуі бұған дейін де мал ұрлығымен сотты болған.
Тергеу барысында полицейлер күдіктілердің 15-тен астам мал ұрлығына қатысы барын анықтады. Олар түн ішінде «ВАЗ» автокөлігімен жайылымға келіп, қараусыз қалған малды сол жерде мылтықпен атып, өлтіріп отырған екен. Содан кейін етін бөлшектеп, өздерінің таныстарына арзан бағамен сатып отырған, деп хабарлайды otyrar. kz.