«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы болып Ғалымжан Алматов тағайындалды. 

Фото: Ғалымжан Алматовтың жеке архивінен

Ғалымжан Бауыржанұлы білім беру саласында мол тәжірибесі бар басшы. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Математика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Шымкент қаласында математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары педагог-ұйымдастырушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз ету жүйесінде басшылық қызметтер атқарған

2021 жылдан бастап Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүйесінде қызмет етті.

Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.

Айта кетелік Абай облысында жаңадан құрылған екі басқарма басшысы тағайындалған еді