Орманда ағашпен бірге жыланды да аралап жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон тұрғыны Райан Сондерс Facebook-тегі өзінің парақшасына араланған жылан түсірілген видеоны салды.

Бірнеше адам орманда кәрі ағашты аралап, құлатқан. Жерге құлаған ағаштың араланған тұсының діңгегінен басы кесілген жыланның қалай шыққаны көрініп тұр. 20 сәуірде жарияланған видеоны үш жарым миллион адам тамашалаған, деп жазады tvzvezda.ru.