Иран Ислам Республикасы Әскери-теңіз күштерінің баспасөз қызметі сейсенбі күні хабарлағандай, танкер оқиға болған кезде навигациялық жүйелерін өшіріп, кемелердің жүруіне тыйым салынған аймақта болған.
Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде осы ауданда төртінші танкер зақымданған.
Ведомство стратегиялық маңызы бар су жолындағы теңіз қауіпсіздігі навигациялық ережелерді сақтауға және Иран Қарулы күштерімен үйлесімді әрекет етуге байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл мәселеде мәлімдемелер мен жалған ақпаратқа емес, нақты талаптарды орындауға басымдық берілуі керек екенін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Ормуз бұғазындағы қақтығыс әлемдік мұнай бағасын құлдыратқаны хабарланды.