Ормуз бұғазындағы қақтығыс мұнай бағасын құлдыратты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сейсенбі күні әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді.

судоходство взрыв Ормузский пролив
Фото: Anadolu

OilPrice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері барреліне 91,60 долларға дейін арзандады. Баға 0,84 долларға немесе 0,91%-ға төмендеді.

17 қараша күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 85,03 доллар деңгейінде саудаланды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,69 долларға немесе 0,80%-ға төмен.

Ал Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы керісінше өсті. Оның құны 2,20 долларға немесе 3,08%-ға қымбаттап, барреліне 73,59 доллар болды.

Айта кетейік, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы маңында танкерлер мен энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдар жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясы елдің шығыс бөлігіне бағытталған тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратының ұсталып, жойылғанын хабарлады.