Ормуз бұғазында екі миллион баррель мұнай тиелген супертанкер минаға ұрынды

АСТАНА. KAZINFORM — Екі миллион баррельден астам мұнай тасымалдаған супертанкер Ормуз бұғазында минаға жарылды, деп хабарлайды ТАСС .

Фото: ИРНА

Иранның Tasnim агенттігінің Иран Ислам революциясы сақшылары корпусына (ИИРСК) сілтеме жасап хабарлауынша, кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге қатысты Иран белгілеген ережелерді бұзған.

Иран әскери күштерінің мәліметінше, супертанкер алдын ала келісілмеген бағытпен жүзіп, кемелердің қозғалысын бақылау жүйесін өшіріп тастаған.

Жарылыс салдарынан кемеде өрт шыққан.

Зардап шеккендер мен кеменің зақымдану ауқымы туралы әзірге ақпарат жоқ

Еске салайық, өткен аптада Ормуз бұғазының оңтүстік бөлігінде ірі супертанкердің бортында теңіз минасына жарылу салдарынан жарылыс болып, машина бөлімінде өрт шыққан еді.