Басылымның мәліметінше, бақылау жүйелерін өшіріп, Ормуз бұғазындағы «тыйым салынған аймаққа» кірген екі мұнай танкері теңіз миналарына соғылған. Соның салдарынан кемелерде өрт шыққан. Бұл туралы Иран армиясының жазбаша мәлімдемесінде айтылған.
Оқиға таңертең болған.
Хабарламаға сәйкес, кемелер бақылау жүйелерін өшіріп, Иран тарапы өтуге рұқсат бермеген аймаққа кірген. Теңіз миналарына жарылу салдарынан танкерлерден өрт шыққан.
Иран әскері елдің мақсаттары мен талаптары орындалмайынша, Ормуз бұғазы ашылмайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар кеме иелеріне бұғаз арқылы «қауіпсіз өту» үшін Иран қарулы күштерімен іс-қимылдарын үйлестіру ұсынылды.
Еске салайық, бұған дейін Ормуз бұғазының шығысында кеме қатынасы ережелерін бұзған екі мұнай танкері теңіз минасына соғылып, өртке оранғанын хабарлағанбыз.