АСТАНА. KAZINFORM — 25 қазаннан бері Ормуз бұғазында заң бұзған 11 танкер өртеніп, олардың кейбірі суға батып кеткен. Бұл туралы Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) әскери-теңіз күштері мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
КСИР әскери-теңіз күштерінің X әлеуметтік желісіндегі жазбасында айтылғандай, оқиғалар 25 қазаннан бері тіркелген.
— 25 қазаннан (АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) қолбасшысы Брэдли Купердің Ормуз бұғазына арнайы сапармен барған күні) бүгінге дейін, яғни тоғыз күн ішінде Ормуз бұғазында заң бұзған 11 танкер өртенді, ал кейбірі теңіз түбіне кетті, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазының батыс бөлігінде АҚШ-тың барлау мақсатында пайдаланылған ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсіргенін мәлімдеді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.