Brent, WTI маркалы мұнай мен ресейлік Urals мұнайы шикізат пен мұнай өнімдерін жеткізудегі қиындықтар аясында арзандады.
Сауда мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,56 долларға немесе 0,53%-ға төмендеп, барреліне 105,36 доллар болды.
Oilprice.com мәліметінше, WTI маркалы мұнай 0,68 долларға немесе 0,69%-ға арзандап, барреліне 97,29 долларға түсті.
Ал ресейлік Urals мұнайының бағасы 3,26 долларға немесе 2,76%-ға төмендеп, барреліне 114,89 долларға жетті.
Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы жағдай мұнай өнімдері нарығына әсер етуді жалғастырып отыр.
Бұған дейінгі сауда-саттықта мұнай бағасы барреліне шамамен 2 долларға өскен еді. Нарық қатысушылары Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар аясында мұнай жеткізіліміне төнетін қауіп-қатерлерді, сондай-ақ Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу көлемін арттыру мүмкіндігін бағалап отыр.
Сондай-ақ мұнай бағасы құлдырап жатқанын жаздық.