«Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектетілсін», - делінген қаулыда.
Құжат 2 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.
Еске сала кетейік, өткен жылы қыркүйек айында Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы орман алқабында алапат өрт болды. Бірнеше күнге жалғасқан тілсіз жау салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды.
Сонымен қатар, Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті.