Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Владимир Божко мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл шара - өрт сөндіруші мамандығын насихаттау және стадионға көрермендерді көптеп тарту мақсатында жасалмақ.
«Сонымен қатар, компьютер, ноутбук, ұялы телефон секілді көптеген электронды техникалар ойналады. Бұл жерде ұйымдастырушылар стадионға келетіндер арасында тегін билеттер тарату, олардың түбіртегін жинап, барабанға салып ойнату жұмыстарын тиянақты атқаруы тиіс» - деді өз сөзінде Владимир Божко.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 9-12 тамыз аралығында Талдықорған қаласында өткен республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша ерлер және әйелдер арасында ұлттық құрама команда құрылған болатын. Қазір осы Әлем біріншілігіне қатысу үшін екі команда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Алматының Орталық стадионында өтетін Әлем біріншілігін көрермендер тегін тамашалайды.