«Балаларды ерте кәсіби бағдарлау үшін «Атамекен» палатасымен бірлесіп «Бағдар» жобасы әзірленді. Атамекен палатасы және эксперттермен осы тақырып бойынша арнайы жиналыс та өткізіп, нақты жоспарды белгіледік», - деді А. Аймағамбетов.
Оның айтуынша, бұл жоба оқушылардың кәсіби диагностикасын, кәсіби бағдар беруді сүйемелдеу, кәсіби сынақтар, сондай-ақ кәсіби бағдардың жаңа тәсілдеріне оқытуды қамтиды.
«Жоба барлық орта білім беру ұйымдарына енгізіледі», - деп нақтылады министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Білім министрі 1 мың жаңа мектепті салу қадамдарын түсіндірді.