Орталық Азия әншілері әлемдік деңгейде – «Silk Way Star» төрешісі
АСТАНА. KAZINFORM – «Silk Way Star» музыкалық жобасының төрешісі, оңтүстіккореялық әнші Шин Мин Чоль байқаудың деңгейін жоғары бағалады. Оның айтуынша, жоба әр елдің мәдениетін бір сахнада тоғыстырған ерекше алаңға айналған.
– Орталық Азия әншілерін тыңдағанда Корея сахнасындағы орындаушыларды көргендей болдым. Олар жүрекпен айтады. Бұл аймақтың әндері мен мәдениеті әлемдік деңгейде кеңінен танылса екен, – деп атап өтті Шин Мин Чоль.
Шин Мин Чоль жобаның өзіне де шығармашылық шабыт бергенін айтты.
– Жаңа альбом жазып жатырмын. Silk Way Star маған жаңа серпін берді. Кореяға оралған соң осы көңіл күймен жаңа ән жазып, сол альбоммен Қазақстанға қайта келгім келеді, – деді ол «Bugin LIVE» бағдарламасында.
Корей әртісі Қазақстанға бірнеше рет келгенін және жергілікті музыканы бұрынғыдан жақсырақ танығанын да атап өтті. Ол алдағы уақытта корей саундтректерін орындайтын әртістермен бірге Қазақстанда k-drama концертін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
Айта кетейік, «Silk Way Star» салтанатты жеребе тарту рәсімі өткенін жазған едік.
Камила Мүлік