Орталық Азия мен Шығанақтағы араб елдерінің саммиті кейінге қалдырылды

Фото: Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Биыл 5 мамырда Самарқанд қаласында өтуі тиіс болған «Орталық Азия — Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» екінші саммиті кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Ақпартты Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі растады.

— Тараптар өзара консультация негізінде жаңа мерзімді белгілеу бойынша жұмыс істеп жатыр. Саммиттің уақыты мен оған қатысты өзге де мәліметтер кейін хабарланады, — деп мәлім етті Сыртқы істер министрлігінен.

Іс-шараға Парсы шығанағындағы 6 араб мемлекетінің, атап айтқанда Сауд Арабиясы Корольдігі, БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Оман, Қатар және Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының қатысуы жоспарланған. Саммитке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев төрағалық етуі тиіс болған.

Еске сала кетейік, «Орталық Азия — Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» бірінші саммиті 2023 жылдың шілдесінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласында өткен болатын. Оның барасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық орнықты даму мәселесі төңірегінде бірқатар маңызды бастама көтерді.