Орталық Азия мен Шығанақтағы араб елдерінің екінші саммиті 5 мамырда өтеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — «Орталық Азия — Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» екінші саммиті 5 мамырда Самарқанд қаласында өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Орталық Азия мен Шығанақтағы араб елдерінің екінші саммиті 5 мамырда өтеді
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Іс-шараға Парсы шығанағындағы 6 араб мемлекетінің, атап айтқанда Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Оман, Қатар және Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары қатысады. Саммитке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев төрағалық етеді.

Еске сала кетейік, «Орталық Азия — Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» бірінші саммиті 2023 жылдың шілдесінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласында өткен болатын. Оның барасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық орнықты даму мәселесі төңірегінде бірқатар маңызды бастама көтерді.

Қоса кетсек, 4 сәуірде Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Орталық Азия — Еуропа Одағы» форматындағы алғашқы саммит өтті. Оған Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен және Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар