Орташа жалақының 48 пайызы: Германия зейнетақының 2031 жылға дейінгі деңгейін бекітті
АСТАНА. KAZINFORM - Бундестаг даулы зейнетақы пакетін қабылдады. Енді немістер үшін зейнетақы орташа жалақының 48 пайызы деңгейінде болады. Ал мемлекетке ол миллиардтаған еуроға қымбатқа түседі, деп хабарлайды Bild.
Германия Канцлері Фридрих Мерцке кейінгі кезде үлкен дау тудырған зейнетақы реформасын қабылдаудың мүмкіндігі туды. Аталған құжатқа сәйкес, зейнетақы 2031 жылға дейін орташа жалақының 48 пайызы деңгейінде болады және 1992 жылға дейін бала тәрбиелеген аналарға өтемақы төленеді.
Зейнетақы реформалары пакеті бойынша дауыс беруге дейін ХДО/ХСО «Одағы» фракциясы ішінде ұзақ талқылаулар өтті. Әсіресе жас депутаттар қарсы дауыс беретінін айтты. Себебі зейнетақының 48% деңгейін сақтау үшін миллиардтаған қаражат қажет, ал оның негізгі салмағы жас салық төлеушілерге түсуі ықтимал.
Соған қарамастан реформа қабылданып, 319 депутат қолдап, 225-і қарсы шықты, 53 депутат қалыс қалды. Бұл канцлер Фридрих Мерц пен «қара-қызыл» коалицияның Германияның социал демократиялық партиясы, Христина демократиялық одағы және Христиан социалиістк одағы партияларының өз ішінде жеткілікті қолдауды қамтамасыз етіп, зейнетақы реформасын көпшілік дауыспен өткізгенін білдіреді. Осылайша ХДО/ХСО құрамындағы жастар тобы мен өзге де қарсы көзқарастағы депутаттар өз мақсаттарына жете алмады.
Қаржы министрі әрі ГСДП-ден вице-канцлер Ларс Клингбайль дауыс беруді «айқын шешім» және «өте маңызды қадам» деп атады.
Оның айтуынша, реформа миллиондаған зейнеткерлерге «лайықты» зейнетақыалуға мүмкіндік береді.
Егер заң жобасы 19 желтоқсанда Бундестагта да мақұлданса, зейнетақы пакеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін.
Бұған дейін «Германияға балама» партиясы «Германия буыны» атты жаңа жастар ұйымын құрып, елде жаппай наразылықтарға себеп болған еді.
Осыған дейін Германияда оңшыл жастар ұйымын құруға қарсы жаппай наразылық акциялары өтіп жатқаны туралы жаздық.