«Табиғи апаттан зардап шеккен аудандардағы халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері көші-қон полициясының өкілдерімен бірге өрт сөндірушілерге көмек көрсетуге дайын. Жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлік құжаттарын қалпына келтіру үшін тұрғындар ХҚО-ға жүгінуі қажет. Қызметкерлер азаматтарға түскі үзіліссіз кезінде де көмек көрсетуге дайын. Зардап шеккен азаматтарды қабылдау кезектен тыс жүзеге асады», - деді Миржан Жаңабаев.
Оның дерегінше, тұрғындар Әулиекөл ауылындағы Жәнібек батыр көшесінің бойында орналасқан ХҚО бөлімшелерінде қызмет ала алады.
Ал Қарасу елді мекенінің тұрғындарына Комсомольская көшесі, 24 мекенжайында орналасқан бөлімшеде қызмет көрсетіледі.
Айта кетсек, бүгінгі таңда Қостанай облысы Әуликөл ауданындағы өрттің өршуіне байланысты Бағаналы ауылының тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан 98 үй өртеніп кеткен.
Сондай-ақ, тілсіз жау 1936 жылы туған бір тұрғынның өмірін жалмады. Ал өрт кезінде 10 адам жарақат алды. Оның төртеуі қазір ауруханада жатыр.