ОСК жаңа тағайындалған сенаторларға куәліктерін тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 тамыздағы Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің кейбір Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы», «Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының кейбір депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы» қаулыларқабылдады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесітуралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-тармағынасәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары негізінде ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы,Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Кұл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Лукин Андрей Иванович,Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы, Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы, Нұржігітова ДанаӨмірбайқызы, Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы тіркелген.

Бірінші рет тағайындалған Сенат депутаттарына Орталық сайлау комиссиясыныңтөрағасы Б. М. Имашев куәліктер мен төсбелгілерін тапсырды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесітуралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес тіркелгенненкейін сайланған депутаттар өз өкілеттіктеріне кіріседі.

Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынасәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды.

Олар: Әйтімова Бырғаным Сарықызы, Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Громов СергейНиколаевич, Ким Георгий Владимирович, Куставлетов Дулат Рашитович, ТүсіпбековРашид Толеутайұлы.

Бұдан басқа, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаты Мәкен Бақтияр Мәкенұлы өкілеттігінің тоқтатылуына әкеп соғатыннегіздің басталуы туралы қаулы және Қостанай облыстық сайлау комиссиясыныңтөрағасы Антонина Михайловна Маркованы міндеттерінен босату туралы қаулықабылданды.

Еске сала кетейік, кеше, 12 тамызкүні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының депутаттары – Сергей Громов, Георгий Ким,Дулат Қосдәулетов және Рашид Түсіпбековтердің, сондай-ақ Бірғаным Әйтімова менАсқар Бейсенбаевтың өкілеттіктері тоқтатылған болатын.

Басқа Жарлықпен Мемлекет басшысыАсқар Бейсенбайұлын Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағытөтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғы органдарының жанындағы тұрақты өкілетіп тағайындады.

Бұдан бөлек, ҚР Президентінің Жарлықтарымен Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров, сондай-ақ Мұхтар Құл-Мұхаммед, Андрей Лукин,Ләззат Сүлеймен, Дана Нұржігітова, Қанатбек Сафинов Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының депутаттары етіп тағайындалды. Мемлекет басшысыныңЖарлығымен Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының депутаты етіп қайтатағайындалды.

Мемлекет басшысы өкілеттігітоқтатылған сенаторларға алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар