Президент Жарлықтарымен 4 сенатордың өкілеттіктері тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Жарлықтарымен бірқатар сенаторлардың өкілеттіктері тоқтатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Жарлықтарымен 4 сенатордың өкілеттіктері тоқтатылды

«Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары:

Сергей Николаевич Громовтың;

Георгий Владимирович Кимнің;

Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің;

Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды», делінген хабарламада.