«Өскемен-Алтай» тасжолында жол апатынан 1 адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Өскемен-Алтай» тасжолының 71-шақырымында болған. Жеңіл көлік жүргізуші жол жиегінде тұрған КамАЗ-ға соғылды.

«Lada» маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам жүк көлігінің артына соғылған. Белгілі болғандай, КамАЗ жол жиегінде тоқтап тұрған. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 27 жастағы жүргізуші сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.