Өскемен ІІБ-ға жаңа басшы тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Полиция полковнигі Дәуір Ыбыраев Өскемен Ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, бұған дейін ол Шемонаиха аудандық жергілікті полициясын басқарды. Дәуір Болатұлы Ыбыраев 1978 жылы Семей қаласында туған. 2000 жылы ҚР ІІМ Б.С. Бейсенов атындағы заң институтын тәмамдады.

Оқуын аяқтаған соң бірден Семей ІІД Орталық полиция бөлімінде тергеуші болды, әр уақытта Семей ІІБ, ШҚО ҚІІБ-де аға жедел қызметкер болып қызмет етті. Бородулиха ауданы ІІБ басшысының орынбасары, басшысы болды. 2011 жылдан бастап Шемонаиха ауданы ІІБ басшысы лауазымын атқарды. Үйленген, екі қызды тәрбиелеуде.